wrapper

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылының аясында Өскемен аймағы өкілдігімен Өскемен қаласы әкімдігі бірлесіп, жастар «Есек есуден Өскемен қаласы бойынша чемпионатын» өткізді.

Іс-шара Өскемен қаласындағы ең көрікті «Самал» саябағы тұсындағы Ертіс өзенінде ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, мешіт жамағатының бірлігін арттыру, халықты ынтымаққа баулу бұл жолғы сайыстық басты мақсаты болды.

Сайысқа Өскемен қаласындағы мешіттердің жамағаттары және қала жастарынан командалар қатысып, нағыз жарыс үлгісін көрсетті. Сайыс аса тартысты, қызықты болып, тамашалаушылар қарасы да көп болды. Асау толқында есек есіп, қайықты бағындыру оңай болған жоқ.

Бұл туралы «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Жамағат арасында осындай салауатты шаралар әрдайым ұйымдастырып тұрамыз. Бүгінгі суда қайықпен есек есу өте қызықты өтті. Бұл мешіт жамағатын өзара бірлікке ұйыту, басты байлық -денсаулықты сақтауда маңызы зор іс екендігі аян» деп атап өтті.

Бәсеке қорытындысы бойынша «Халифа Алтай» мешіті командасы екінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға өкілдіктен және Өскемен қаласы әкімдігі тарапынан сыйлықтар табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk