wrapper

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан және ауыл имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында болды. Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты.

Алқалы жиында діни қызметтің сапасын арттыру, имамдардың қызметтік әдебі мәселесі қаралып, жасалған іргелі іс-шаралар қорытындыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы өз сөзінде:

«Имамдық-ардақты пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған абыройлы әрі жауапты қызмет ҚМДБ-дан қабылданған «Имамдардың қызметтік әдебін» насихаттау аса маңызды. Дін қызеткерлері қызметтік әдепті қатаң сақтап, рухани парасаттың үлгісі болуы тиіс. Имамдардың киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, халықпен қарым-қатынасы дерліктей осы құжатта көрсетілген. Сондықтан осы құжатта айтылған мәселелерді имамдар жадында ұстауы керек. Өңірдің діни қызметкерлерлі аталған құжатты насихаттау ісіне белсенді атсалысу керек» дей келе, осы бағытта атқарылатын шаралар жоспарын таныстырып, жан жақты насихттуды тапсырды.

Бас имам сонымен қатар қасиетті Рамазан айында өкілдік тарапынан атқарылған келелі істерге де тоқталып, бұл бағытта имамдар аса белсенді қызмет еткендігін, қайырымдылық және ауызашарлар ұйымдастыру ісінде барлық имамдар халықтың көңілінен шыққандығын жеткізді.

Жиында дін қызметкерлеріне ҚМДБ-дан және өкілдіктен басылып шыққан «Имамдардың қызметтік әдебі», «Пәтуа әдебі» құжаты кітап ретінде таратылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk