wrapper

ҚМДБ ШҚО өкілдігінен «Жамағатпен жүздесу» апталығы жарияланды. Апталық аясында Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық «Ақтан» мешітінде халықпен кездесу өткізді.

Кездесуде ұстаз Б.Құсанбаев: «Денсаулық-басты байлық. Асыл дінімізде адам денсаулық қадірін жете түсініп, өз саулығын қорғау керек деп ерекше атап өткен. Дену сау адам ғана өмірлік мақсаттарын орындай алады. Сол үшін денсаулықты қорғау керек. Адам баласының өмірдегі негізгі мақсаты құлшылық дейтін болсақ, сол құлшылықты орындауы үшін де денсаулық қажет. Мысалы, ораза ұстау, қажылыққа бару сияқты ұлы ғибадаттарды атқаруы үшін адамның денсаулығы жарамды болуы керек. Сол себепті дініміз Ислам адамға өз денсаулығына мән беруді және оны күтуге көңіл бөлуді талап етеді»

дей келе, денсаулық жайлы тұщымды уағыз айтты.

Сонымен қатар жиын барысында жамағаттардың қойған өзекті сұрақтарына жауап берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk