«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

ӘР ҚҰРБАН ШАЛУШЫҒА 1 САҒАТ УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)
Бейсенбі, 15 Шілде 2021 00:00

ӘР ҚҰРБАН ШАЛУШЫҒА 1 САҒАТ УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)

ӘР ҚҰРБАН ШАЛУШЫҒА 1 САҒАТ УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар карантин жағдайына байланысты офлайн форматта құрбан шалушылар бірқатар ережелерді ескеру керектігін алға тартты.

«20 шілде күні сағат 07:20 дан бастап «сары», «жасыл» аймақтағы өңірлердегі алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта әкімдік тарапынан бекітілген арнайы орынға барып офлайн форматта құрбан шалады. Әрбір адамға 1 сағат уақыт беріледі. Офлайн форматта құрбан шалушы ҚМДБ-ның жауапты тұлғасына «ASHYQ» бағдарламасы арқылы өз статусын көрсету қажет. Құрбан шалу «жасыл» және «көк» түстердегі тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. «Қызыл» және «сары» түстердегі тұлғаларға рұқсат етілмейді. Бұл – карантин жағдайындағы ескеруіміз міндетті талап» деді Ершат қажы Оңғар.

Сондай-ақ наиб мүфти құрбан шалушыларға қасапханаларда тазалыққа мән беріп, санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін айтты.

«Құрбандық малын сойдыруға, сатып алуға, сату, оны сою кезінде санитарлық талаптар, тазалық жағына мән беруге шақырамыз. Дінімізде тазалықтың маңызы жоғары. Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуіміз керек. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалар құрбан шалатын орындарға бармағаны абзал» деді ҚМДБ Төрағасының орынбасары.

Read 47 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
«ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?

Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз…

ЖАЛҒА АЛҒАН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛА МА?

Жалдау – пайдаланған мүлік үшін ақы беру келісімшарты (Хашияту ибн Абидин, 9/6-7. Әл-Кәсәни. Бәдәи әс-санайғ,…

ЗЕКЕТТІ МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Зекеттің қасиетті Құранда сегіз орынға берілетіндігі жайында былай деп айтылған: «Ақиқатында, (парыз етілген) садақалар (зекет…

ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?

Йога – психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…