wrapper

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сендерден бәрінен артық кімді жақсы көретінімді және қиямет күні кім маған ең жақын тұратынын айтайын ба?», – деді сахабаларына. Ешкім үндемеді. Кейін (пайғамбар (с.ғ.с.) (өз сұрағын екі немесе үш рет қайталады. (Сонда адамдар): «Иә, Расулулла», – деді. Сонда ол (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсы мінез-құлықты-ларың», – деді».

«Мұсылмандардың иманда ең кемел-дісі – ең жақсы мінез-құлықтысы», «Қияметте таразыны ең ауыр басатын амал – Алладан қорқу мен көркем мінез» деген хадистер де көркем мінездің ма-ңызы қаншалықты екенін көрсетеді.

Бір кісі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Дін деген не?» – деп сұрағанда: «Ол – көркем мінез», – деп жауап қатқан. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше рет қайталаса да, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген жауапты алған.

«Іс-амалдардың қайсысы жақсы?» – деп сұрағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген.

«Алла бұл дінді Өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Ояныңдар. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер».

«Сірке балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та сол секілді ізгі амалдарды бұзады (жарамсыз етеді)» деген екен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде. Ендеше, ізгі амалдарымызды бұзып алмай, мінез-құлқымызды түзейік, ағайын!


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk