wrapper

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, жат ағымдар бойынша жауапты Дәулет Қабидолдин облыстық «ALTAI» телеарнасының тікелей эфирдегі бағдарламасына қатысты.

Наиб имам сұхбат барысында кері ағымдар мәселесіне де кеңінен тоқталды.Қ.Дауылбаев: «Жат ағымдардың алдын алу қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отыр. Халықтың діни сауаттылығын арттыру кері ағымдардан сақтанудағы басты тәсіл. Діни қызметкерлер ҚМДБ пәтуаларымен қоса ұлттық құндылықтарға негізделген дәстүрлі ислам қағидаларын халыққа насихаттаудың маңызы айырықша» деп атап өтті.

Ол бұдан соң ол тікелей желіде облыс тұрғындарынан түскен сауалдарға жауап берді. Сұрақтардың көпшілігі облыс аумағындағы діни ахуал, мешіттердің діни мамандармен қамтылуы турасында болды. Сонымен бірге жастар тәрбиесі, ақида ұстанымдарына байланысты да өзекті сұрақтар қойылып, көрермендерге дәйекті жауап берілді.

Тікелей желіде өңірде өкілдік тарапынан жасалып жатқан шараларда айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk