wrapper

«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларында шара жоқ алдамасқа,

Табысына табынып қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа»

(Абай).

Дүниеқұмарлық қайдан туады? Дүниеқұмарлық – нәпсі дерттерінің бірі. Сырттай қарағанда бір күнә болып көрінбегенімен адамды күнәлі іске итермелейтін нәрсе. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны айтылған кітаптарда мынадай сөз бар: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінде арпадан жасалған нан жеп көрген емес» (имам Бұхари). Көкірегі ояу жан бұл сөздің мәнісін бірден ұғынса керек. Ғаламға рахым нұрын шашқан Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрқашан орта жолды ұстануға шақыратын. Астамшылдыққа жол бергізбейтін. Себебі астамшылдық – адам баласын бұзатын нәрсе. Әсілінде, дүниеқұмар адам қолда бар нығметтің қадіріне жетпек емес. Ал ақыретін ойлаған адам Құдайдың бергеніне разы болады. Сондықтан бұл дүниеге келудегі мақсатын толық түсінбеген адам еріксіз дүниеқұмарлыққа салынады. «Дүние» сөзі, араб тілінде – пәс, төмен деген мағыналарды қамтиды. Яғни, өткінші, алдамшы қызықтары адам баласына зиянын тигізеді. Ал дүниенің негізгі мәнін ұғынған адам әрбір жылтыраққа ермесі анық. Әсілінде, дүние тіршілігінің осы бір қырын Жаратушы Алла қасиетті Құранда былайша сипаттайды: «Біліп қойыңдар, дүниенің тіршілігі ойын-күлкі, сауық-сайран, сән-салтанат және өзара мақтан (яғни, мансап, атақ-абырой, мал-мүлік, бала-шаға һәм кескін-келбетпен мақтану) ғана, сондай-ақ көбірек дүние жию және үрім-бұтақты көбейту жолындағы бәсеке ғана. Бұл бір жауынға ұқсайды: сол жауынның арқасында жайқалып өскен өсімдіктер шаруаларға қатты ұнап, төбелері көкке жетеді. Алайда артынша әлгі өсімдіктердің сарғайып, солып қалғанын көресің һәм содан кейін қу сабан мен қиқымға айналады. Міне, дүниенің қу тіршілігі деген – осы» («Хадид» сүресі, 20-аят). Келесі бір аятта Алла Тағала: «(Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк емес», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят). Ендеше, дүние тіршілігінің мәні басқада болса керек. Болмашы бір жылтырағына алдану пенденің бойындағы адамдық қасиеттерді күл талқан етеді. Себебі көзге көрінетін сыртқы дүниемен шектелген адам жанның қалауларын ысырып қояды. Тек тәнін азықтандырған адам бұл дерттен құтылмас. Алайда тәнге қалай күтім керек болса, жанға да дәл сондай күтім қажет.

Абай атамыз өз өлеңінде:

Адам ғапыл, дүниені дер «менікі»,

«Менікі» деп жүргеннің бәрі «Оныкі»

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда ойла, болады не сенікі? – деп дүниенің қолда тұрмайтынын айтқан.

Мейірімді Алла әлемнің жаратылуының өзіндік мақсаты бар екенін ұғындырып былай дейді: «Біз аспан әлемі мен жерді және екеуінің арасындағы бар жаратылысты ермек үшін жаратпадық. Біз оларды ақиқат, хикмет һәм теңдесі жоқ мінсіз жүйе негізінде хақ мақсатта жараттық. Алайда олардың (адамдар[1]дың) көбі мұны білмейді» («Духан» сүресі, 38-39-аяттар). Демек күллі әлемнің жаратылуында белгілі бір мақсат бар. Әлбетте, Алла Тағала күллі әлемді өзін таныту үшін жаратты. Адамның пешенесіне де осы бір ұлы мақсатты орындаушы, Халифа болуын жазды.

Құранда Алла Тағала: «Мен жындар мен адамзатты тек қана (Мені танысын һәм) Маған құлшылық етсін деп жараттым», – дейді («Зәрият» сүресі, 56-аят). Осы тұста ислам ғұламалары дүниенің өткінші екенін ескеріп, жаратылуындағы асыл мұратты ұмытпауға шақырып былай дейді: «Қасиетті Құран мен хадистерде келген, дүниені сөгуге қатысты айтылған тұстары бар. Алайда бұл дүниенің өзін сөгу емес, оны жүрекке кіргізіп былғап алудан сақтандыру болып табылады. Яғни мүмин адам негізгі мақсатын ұмытпай Алланың разылығын көксеу тиіс. Мұсылман адамды Құдайға бір табан жақындатып оның разылығын алуға себепші болатын дүние жақсы. Алайда дүниеге табынып кетсе, ол басқа».

Имам әл-Мәнәуи (Алла оны рақымына алсын): «Дүниеге ақыреттің егістік алқабы деп қарау керек. Ол өздігінен жаман емес. Кімде-кім шариғат талаптарын орындап дүние тапса, онда ақыретінде жемісін көреді. Бұрынғылардан қалған сөз бар: «Дүниеге арқа сүйеме! Ешкім оны ұстап қала алмады. Мүлдем баз кешпе! Себебі ақыретіңдегі сауап пен жаза соған байланысты», – деп айтқан.

Хакім Абай:

Дүниеге дос, ақыретке бірдей болмас,

Екеуі тап бірдей боп орныға алмас,

Дүниеге ынтық, мақшарға амалсыздың

Иманын түгел деуге аузым бармас, – деп, дүниені ойлап ақыретті ұмытпау[1]ға шақырған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Дүниені көп ойлаумен жүректеріңді алаңдатпаңдар»177.

Әбу Ләйс Самарқанди құмарлықтың екі түрі болады дейді. Бірі – жақсыға құмарту, екіншісі – жаманға. Егер сіздің құмарлығыңыз Құдайдың парыз еткен 177 Әл-Жамиғ

Ихсан және қоғам құлшылықтарын орындаудан тосып жатса немесе мақтан үшін тойымсыздықпен дүние жинауға итермелесе, онда бұл – құмарлықтың жаманы. Ал егер құлшылық[1]ғибадат жасауыңызға кедергі келтірмесе, онда еш сөкеттігі жоқ. Себебі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары жақсы ниетпен дүние жиғанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардың бұл істеріне тосқауыл болмаған еді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Дүниеқұмарлық уайым-қайғыны көбейтеді. Қажетіңді ғана алу жүрек пен денені рахаттандырады» (имам Самарқанди). Тоқшылық адамды аздырады Әзиз сахабалар ғибратқа толы өмірлерінен мысал келтіріп былай дейді: «Алла Тағала бізді жоқшылықпен сынағанда сабыр ететінбіз. Алайда тоқшылықпен сыналғанымызда сабыр ету қиынға соғатын». Сахабалар адам баласының болмысын шынайы сиапаттай алған. Абай бабамыз өзінің өлеңінде осы бір жайтты ескеріп: Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын, – дейді. Адам баласын аздыратын факторларды санайтын болсақ, шегіне жете алмаспыз. Алайда хакім Абай осы екі негізгі себепті айтып аса мән беруге шақырған. Азғын адам дүниеқұмарлыққа салынары сөзсіз. Тіпті оның көзін жақсылық атаулыдан перделеп, көкірегін көр етуге дейін барады. Сондықтан тек дүние уайымымен күйіп-піскен адам сол дүниеге өзі қалайша жұтылып кеткенін білмей де қалады. Жеке адамды, одан қалды күллі қоғамды бұзуға алып келетін осынау құмарлықты хакім Абай қатты сынап былай дейді: «Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен.

Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен»178. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім ақыретті аңсап амал етсе, Алла Тағала оның жүрегін байытады. Оның істерін бір жерге жинап береді. Осылайша дүние ол адамның артынан жүгіреді. Кімде Абайдың он бесінші қара сөзі. кімнің бар көксегені осы дүние болса, онда Алла Тағала екі көзінің ортасына кедейлік жазып, істерін шашыратады. Ақыры пешенесіне жазылғанды көреді», – дейді (имам Тирмизи). Демек, дүниеде асқан бай болудың формуласы – ақыретті алаңдап, дүниеге бұрылмау һәм Аллаға шүкір ету. Осылайша келген байлық адам баласын аздыра алмас, керісінше, Құдайдың алдында оның дәрежесін өсіреді. Уа, Алла Тағала! Жүрегімізді дүниеқұмарлықтан сақта деп Өзіңе сыйынамыз. Бізге Өзіңді және Пайғамбарымызды сондай-ақ мұсылмандарды жақсы көруді нәсіп ете гөр!


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk