Қазақ халқында «Дені саудың жаны сау», немесе «Денсаулық зор байлық» деген нақыл сөздер бар. Халқымыз денсаулықты аса қадірлей білген.
...Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің... деп ақын жыршылар да саулық жайлы толғаған.
Денсаулық бәрінен де маңызды. Денсаулық адам бақытты болуының негізгі кепілі. Алдымен адамның дені сау болғанда ол бақытқа жетеді. Арман мақсаттарын орындай алады.
Денсаулық өлшеусіз байлық. Ұлтымыз: «Ден сау болса ғана барлығы да болады» деп, алдымен денсаулықты ойлап, бәрінен бұрын денсаулықты ойлаған. Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінде және тұрмыс салтында денсаулықты қорғауға байланысты көптеген әдіс-тәсілдер мен салттар бар.
Халқымыз денсаулықтың қадірін жете білген. Қазақ халқы тарихтың талай күдірлі белестерінен сүрінбей асуы да ұлттың саулығына тікелей байланысты болса керек. Халқымыз дені сау, ойы жинақы болғандықтан ғана жауынгер рухты болып тәрбиеленіп, осынау кең даланы қорғап қалды.
Асыл дініміз исламда денсаулыққа қатысты тамаша ғибратқа толы хадистер мен аяттар бар.
Ардақты пайғамбарымыз денсаулықтың негізгі кепілі тазалықта екендігіне баса назар аударып, осы жайлы көптеген хадистерінде айтқан.
Онда денсаулықты басты байлық ретінде бағалаудың маңыздылығын айтқан. Алла Елшісі өз хадисінде: (с.ғ.с) «Ауырмай тұрып денсаулығынды бағала»- деп саушылықтың мәнін терең түсіндірген.
Қасиетті Құранда Мәйдә сүресінің 5-аятында «Ей, мүминдер! Алла Тағала сендерге ауыртпалық қаламайды. Ол сендерді таза болуларыңды және шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауын қалайды»- деп денісау болудың кепілін, сонымен қатар денсаулық, ғұмыр берген Ұлы Жаратушыға шүкірлік етудің маңызын айтады.
Денсаулықты қорғау, сақтану туралы: «Олар сақтық шараларын қамтамасыз етіп, қарулансын», - деп, Алла Тағала «Ниса» сүресінің 102-аятында айтады.
Яғни әр адам Алланың берген байлығы өз денсаулығына өзі жауапты екендігін айтып, өзін мейілінше қорғасын деп ескертеді.
Қасиетті Құранға қайшы келмейтін емдеу жолдарын қолдануға шақырады.
Хадистерде: «Ауруды жаратқан Алла сол ауруға емді де қоса жаратқан. Әй Алланың құлдары емделіңдер!» делінген.
Саулығымыз мықты болғай!
Ибраһим Еркінбайұлы, Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданының бас имамы