Мұқтаждарға көмектесу туралы Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті бірқатар отбасыларға қайырымдылық жасады.
Шара барысында аудан орталыығында тұратын күнкөрісі төмен отбасыларға мешіт тарапынан азық-түлік пен киім-кешектің көмегі жасалды.
«Біз мұқтаж отбасыларға үнемі көмек жасап келеміз. Жағдайы төмен отбасыларға жәрдем жасау арқылы мүмкіндігінше ауыртпалығы бар отбасыларға жылылық сыйлауға талпынамыз. Әсіресе мереке аясында көмек көрсету шарасын ауқымды ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті, Тарбағатай ауданының бас имамы Айдын Жортымов
Қайырымдылық көмегіне ие болған отбасылар аудандық мешіт ұжымына алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі