wrapper

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында өткен Наурыз мейрамына қатысты.

«Наурыз ұлтымыздың жыл басы болып есептелетін дәстүрлі мейрам.

Бабаларымыз сан ғасырлардан бері мерекелеп келген. Наурыз мерекесі адамдар арасындағы ынтымақ пен бірлікті күшейтетін, үлкенді сыйлауды насихаттайтын мейрам. Наурызда ұлттық құндылықтарымыз ұлықтаймыз.

Қазіргі таңда халқымыздың салт-санасын ұлықтап, дәстүрімізді насихаттаудың маңызы айрықша» деп тап өтті өкіл имам, шараның ашылу салтанатында.

 Ол сонымен қатар өз сөзінде адамдардың денсаулығын сақтауға қызмет етудің сауабы мен маңызына тоқтала келе, жаңғыру мерекесі Наурыз мейрамымен аурухана ұжымын құттықтап, жақсылық, берекет, сәттілік тіледі.

 Сәуірдің арайлы ашық аспаны астында дәстүрлі ән әуелеп, күй қалқыды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk