wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңіріне қарасты аудандардың мешіттеріне еліміздегі әртүрлі діни оқу орындарында білім алып жатқан студенттер іс-тәжірибеден өтуде.

«Медресе шәкірттері Рамазан айында 1 ай бойы ауылдық және аудандық мешіттерде болып, шәкірттерді оқыту, жамағатқа дәрістер өткізу қатарлы істермен айналысады. Бұл халықтың діни сауаттылығын арттыру, кері ағымдардан сақтандыру бағытында жасап отырған шарамыздың бір парасы. Оларға біздің тәжірибелі имамдарымыз жетекшілік етіп, іс жүзінде тәжіирбеден өтетін болады. Бұл олардың болашақта білікті маман болып қалыптасуына әсер етеді. Тәлімгерлер баспана және жалақымен қамтылатын болады» деп атап өтті, жұма намазында тәлімгерлерді жаматқа таныстырған ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

 Ол сонымен қатар оларды ауыл халқы құшақ жайып күтіп отырғандығын жеткізіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk