ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру туралы аудан имамдарына арнаулы міндет жүктеген болатын.
Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешіті мүмкіндігі шектеулі балалардың ортасына барып қайырымдылық жасады. Имамдар балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратып беріп, олардың көңіліне бір сәт болса да қуаныш сыйлады.
«Біз мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантуды ойладық. Тек бұл ғана емес басқа да шаралар ұйымдастырып келеміз. Балалардың қуанышы олардың өмірге деген сенімін нығайтады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы мешіт қызметкерлері.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.