wrapper

Ораза айт мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен мұқтаж отбасыларға бағытталған көптеген қайрымдылық шаралары өтті. Облыстық мешітінен Өскемен қаласының көшелерін үнемі кезіп жүретін, панасыз Андрей есімді азаматты жуындырып, үсті басына су жаңа бірнеше пар киім алып берді.

«Панасыз адамдар қай ұлт болсын мейлі, оған көмектесу мұсылмандық парызымыз. Біз осындай адамдарға дініміздің мейрімді екендігін көрсетуіміз керек» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Көмекке ие болған Андрей де разы болып, өзіне назар аударған облыстық мешітке ризашылығын білдіріп, өз тағдыры туралы айтып берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk