wrapper

ҚМДБ-ның Білім және ғылым бөлімінің  басшысы Бақтыбай Бейсенбаев ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Бөлім басшысы Өскеменде «Халифа Алтай» мешітінде 3 айлық білім жетілдіру курсында білім алып жатқан имамдармен кездесті.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы:

«Өңірді имамдармен қамту, олардың біліктілігін көтеру бағытындағы шараларға облыс басшылығы аса назар аударып отыр, осындай курс ұйымдастырылуы соның бір айғағы. Біз өткен жылдан бері имамы жоқ ауылдардың мәселесін имамдыққа беймімі бар азаматтарды оқыту арқылы шешіп келеміз» дей келе, оқу барысымен таныстырды.

 Бөлім басшысы имамдардың білімін жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, діни басқармадан бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстарды айтып өтті. «Шығыс өңірден дін ғұламалары көкптеп шыққан жер. Кеңес үкіметі кезіндег Қазақстанның алғашқы қазиы Шамсутдинов осы Өскеменнің тумасы болған. Халифа Алтай ғұлама, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет туған өлкеде осындай игі бастаманың бастау алып жатқандығы қуантады. Сіздердің оқуларыңыға мемлекет аса көңіл бөліп отыр» деп атап өтті, ол өз сөзінде.

 Ол сонымен курсқа қатысушыларға білім беріп жатқан ұстаздармен кездесіп, оқу барысы жайлы пікір алмасты.

Сонымен қатар шәкірттердің ас ішетін орны және жатақхана, кітапхананы аралап көрді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk