Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде шығыстың имамдары 3 айлық білім жетілдіру курсында оқып жатыр.
Осы тәжірибені зерттеу мақсатында ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман қажы Исенов, Павлодар облысының Дін істері басқармасының басшымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Қонақтарды осы мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин күтіп алып, мешітті таныстырды. Пвлодарлық қонақтар білім жетілдіру курсында оқып жатқан шәкірт, имамдарымен кездесіп, оқу барысымен танысты.
«Біз өкілдіктің бастамасымен имамдардың білімін көтеретін осындай игі бастаманы іске асырып жатырмыз. Облыс басшысының қолдауымен облыстың имам-молдаларын тегін ас, жатар орынмен, шәкіртақымен қанымдап, оқытып жатырмыз» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабдолдин.
Павлодардық өкіл имамы бастаған топ мешіт ішін аралап, шәкірттерідің жатар орны, демалыс бөлмесін аралап көрді. Олар мешіт ішінен ашылып жатқан кітапханаға аялдап, ондағы жаңадан басылған діни әдебиеттермен танысты.
«Шәкірттердің білімін жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалған екен. Сіздердің міндеттеріңіз сапалы білім алып шығу болып табылады. Мұндай курс қазірше еліміз бойынша тек Өскеменде ғана ұйымдастырылып отыр» деді, шәкірттермен кездесуде ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман қажы Ермекұлы. Ол сонымен бірге шәкірттерге сәттілік тіледі.
Кездесуде Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов және облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Индира Беркімбаевалар ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі тарапынан өңірде бүгінгі таңда атқарылып жатқан білім жетілдіру және басқа да рухани шаралардың нәтиже беріп отырғандығын атап көрсетті.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітініңбаспасөз қызметі