wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Мұражайдағы бір күн» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында облыстың әр аудандарынан келген имамдармен діни қызметкерлер «Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайын» аралап, ел тарихына байланысты құнды жәдігерлермен танысты.

Діни қызметкерлерді мұражай басшылығы жылы шыраймен қарсы алып, әр жәдігерге тоқталып, оның тарихи маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар олар облыс аумағындағы киелі жерлермен, табиғат дүниесімен де танысып, кең мағлұмат алды.

«Еліміміздің тарихын тану, өткенді зерделеудің маңызы ерекше. Біз Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасының негізінде өткен тарихымызды тану мақсатында осы мұражайға келіп отырмыз. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Осы игі іс имамдарымыздың тарих жайлы түсінігін кеңейтуге жол ашады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Тарих және өлкетануға қатысты көптеген мәліметтерге қанық болған діни қызметкерлер алған әсерлерімен бөлісіп, мұражай басшылығына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk