wrapper

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы мәлімдеп, қасиетті мерекеге дайындық барысы жайлы айтып, жоспарлармен бөлісті.

– Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жуық жағдайы төмен отбасыға таратып беруді көздеп отырмыз. Ағымдағы жылы алғаш рет осы мерекеге орай қалалық ипподромда жүлде құны 1 млн теңге құрайтын бәйгеден жарыс өткізіледі. Тек бәйге емес, тазы жарысы, аударыспақ сынды жарыстар да өтеді, – деді Ермек қажы Тасболатұлы.

Құрбандық шаламын деушілерге қала шетіндегі Шығыс ауылының маңынан арнайы орын бөлінеді. Ол жерге қоқыс төгетін урналар қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ.

Шығыс Қазақстан облстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk