wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігінің бастамасымен Өскеменде ұлық мейрам Құрбан айт қарсаңында Өскемен аймағы өкілдігі «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің жүлдесі үшін» аламан бәйге мен ат спортынан ұлттық  ойындар жүріліп өтті.

Ат десе, бәйге десе делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Облысқа белгілі ат бапкерлері өздерінің баптаған тұлпарларын айтулы додаға үкілеп әкеліп қосты.

Сәйгүліктер жарысы 15 шақырымдық аламан бәйге, 5 шақырымдық бөлініп, 40-қа жуық жүйрік бәйгеге қосылды.

Бір сәтте Өскемендегі ат шабар шабандоздардың қиқуымен тұлпарлардың дүбірін толып кетті.

Сонымен қатар жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ қатарлы ат спортынынан ұлттық ойындар жүріліп, көрермендерді қызыққа бөледі. Жамбы ату, теңге ілу, аударыспақтан қарсыластарын жеңіп, жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға марапат, ақшалай сыйлықтар ұсынылды. 5 шақырымдық бәйгеде Жарма ауданының жүйрігі топ жарса, 15 шақырымдық аламан бәйгеде Тарбағатай ауданының бапкері Серікболдың сәйгүлігі шылбыр ұстатты.

Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен сәйгүліктерге Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы  «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесін» табыс етті.

«Біз Құрбан айт мейрамы қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің жүлдесіне» аламан бәйге мен ат спорты ойындарын ұйымдастырып отырмыз. Бұл шара Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласына үлес қосу, ұлттық ат спортын қолдау болып табылады» деп атап өтті, шараның ашылу рәсімінде ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.

Шараны тамашалауға жиналған көрермендер бәйге мен ұлттық ойындардың аса тартысты, қызықты өткендігін айтып, бәйгені ұйымдастырған өкілдікке алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk