wrapper

ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.

Кездесу барысында Камалжан Тұрдыбаев облыс басшысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Алғыс хатын» табыс етті.

«Даниал Кенжетайұлы сізге Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыста руханиятқа аса көңіл бөліп, діни қызметкерлердің білімін жетілдіруге жасап отырған қамқорлығыңыз үшін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің ризашылығын жеткізіп отырмын» деп атап өтті, К.Тұрдыбаев «Алғыс хатты» тапсыру барысында.

Кездесуде облыс басшысы Д.Ахметов Елбасы тапсырмаларын орындау, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытындағы шаралардың бүгінгі таңда аса маңызды екендігін айта келе, бірлесе шаралар атқарудың тиімділігіне тоқталды.

Сонымен қатар облыс әкімі қолға алынған бастамалардың алда жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk