wrapper

Өскемендегі «Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл туралы семинары» болып өтті.

Облыстық Дін істері басқармасы ұйымдастырған жиынға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, дінтанушы ғалым, «Абу Ханифа» атындағы ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ эксперті Мұхан  Исахан, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай, облыстық әртүрлі мемлекеттік органдармен діни бірлестік жетекшілері, ғалымдар қатысты.

 Жиында сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы «Қоғамның рухани адамгершілік дәстүрлі құндылықтарын дамытудағы және деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестегі ҚМДБ-ның рөлі» атты тақырыпта мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндама жасады.

 Ермек қажы Тасболатұлы өз баяндамасында: «Деструктивті діни ағымдарға қарсы күресте де ҚМДБ пәрменді күрес жүргізіп келеді. Бүгінде теріс діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі әр қырынан зерттелініп, мәселеге қатысты діни және құқықтық тұжырымдар әзірленіп, мәселенің түбегейлі шешімі қарастырылу үстінде. Мысалы ҚМДБ мамандары салафизм идеологиясының доктриналдық және канондық негіздерінің дәстүрлі әһлу сунна бағытымен үйлеспейтінін айтып, ұдайы діни жамағатқа құлаққағыс жасап келеді. Қазір бұл бағытта білікті мамандардан тұратын 6 ақпараттық-насихаттық қосын құрылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде» деп, бүгінгі таңда  деструктивті діни ағымдармен күрестегі Діни басқарма тарапынан жасалып отырған шараларға кезек-кезегімен тоқталып өтті.

 Семинарда сонымен бірге бірқатар ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен мемлекеттік органдардың мамандары баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» төңірегінде ойларын ортаға салды.

Семинар барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, деструктивті діни ағымдарға қарсы жасалып отырған шаралар жайлы айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk