Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов Зайсан ауданына сапары барысында аудандық мешітте Зайсан ауданының жамағаттарымен кездесті.
Кездесуге жиналғандарға ол жат ағымдар тарихынан сындарлы уағыз айтты.
«Кері ағымдардан сақтану оның таралуынын алдын алу басты міндетіміз. Біз ұлт ретінде өз салт-санамызды сақтау маңызды. Ұлы Жаратушы Ие адамдарды ұлттарға бөліп жаратқан» дей келе, ол адамгершілік пен имандылық қағидалары туралы жақсы мысалдар келтіре отырып, насихат айтты.
Кездесуде жамағаттар да өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.
Басқосуда салиқалы уағызы үшін жамағаттар наиб имамға алғыс айтып, ақ бата берді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі