wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен кері ағымдарға қарсы шараларды пәрменді жүргізу туралы жиын болып өтті.

 «Өскемен орталық мешітінде» өткен басқосуға Өскемен қаласындағы мешіттердің қызметкерлері қатысты.

Жиында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин: «Кері ағымдарға күрес бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр. Бұл бағытта біз Діни басқармадан берілген тапсырмаларды орындап қана қоймай, өзіміз тың тәсілдер арқылы күресуіміз керек. Сондықтан басқа да шаралар жоспарлау маңызды» деп атап өтті.

Басқосуда жат ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында қала мешіттерінде атқарлатын шаралар тізбегі талқыланып, бекітілді.

Сонымен қатар имам-молдаларға нақты тапсырмалар беріліп, бағыт-бағдар айқындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk