wrapper

Кері ағымдардағы азаматтармен кездесу, оларға дәстүрлі исламның тағылымдарын насихаттау бүгінгі таңдағы басты міндеттің бірі болып отыр.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі бұл бағыттағы жұмысты жаңа форматпен жоспарлап, іске асыра бастады.

Осы мақсатпен «Өскемен орталық мешітінде» жат ағымдағы бауырлармен кездесу өтті. Айтулы шара барысында ақ дастархан басында болып, мұнда облыстық және қалалық  мешіт имамдары дәстүрлі ислам құндылықтарынан тұщымды насихат айтты.

«Өңір бойынша кері ағымдардан сақтандыру мақсатында біз бірқатар шаралар жоспарлап отырмыз. Кері ағымдардағы бауырларымызбен ашық пікірлесу және  кездесудің маңызы аса зор. Шаралар алда да жалғаса беретін болады» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин.

Олармен  ақ дастархан басында емен-жарқын әңгімелесіп, ислам құндылықтарынан ашық пікірлесу болды.

Жиын барысында «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан Жұмабеков жиынға келгендерге ризашылық білдіріп, алда жасалатын игі шаралар туралы өз ойларын жеткізді.

Қатысушылар берекетті  дастарханнан ризашылықпен тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk