wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігімнің бастамасымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұйымдастырылып жатқан облыс имамдарының білім жетілдіру курсының 2 кезеңінде білім алып жатқан шәкірттерге Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінің бас имамы Мұратжан Исмайлов дәріс оқыды.

Ол өз насихатында шәкірттерге діни білім алудың маңызы мен сауабы және діни қызмет тақырыбына тоқталды.

«Асыл дінімізді насихаттау шарасына еңбек сіңіріп келесіздер. Осы курсты тәмамдаған соң тың қарқынмен қызметке кірісесіздер, Имамдар үшін әркез білім жетілдірудің маңызы зор» деп, тағылымды насихат айтты.

Ол шәкірттердің сауалдарына жауап беріп, салиқалы әңгіме өрбітті.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk