«Рухани келісім күні» қарсаңында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасында волейбол бәсекесі жүріліп өтті.
Сайысқа өңірдегі басқа діни бірлестіктермен қатар Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің командасы да қатысты.
Мешіт командасы сайысқа қатысқан командаларды айқын басымдықпен ұтып, жеңіске жетті.
«Бұл сайыста біздің команда жеңіске жетті. Мешітіміздің меншікті командасы облыста өтетін әртүрлі сайыстардан үнемі жеңімпаз болады. Біз жамағаттардың арасында бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыруға да көңіл бөліп келеміз» деп атап өтті, облыстық мешіттің спорттық іс-шараларға жауапты маманы.
Жеңіске жеткен облыстық «Халифа Алтай» мешітінің спортшыларына облыстық Дін істері басқарамасы атынан кубок, және ақшалай сыйлық ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі