ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған «Берекелі Рамазан» акциясының аясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха аудандық мешіті қайырымдылық шарасын жасады. Бұл игі іс аясында Шемонаиха қаласында тұратын 25 отбасыға «Берекелі Рамазан» ауызашар қоржыны таратылды.
Отбасыларға аса керекті азық-түлік және ауызашарға арналған тағамдар жеткізіліп берілді. Қайырымдылық шарасы туралы: «Аудан көлемінде қайырымдылық іс-шарасын жүйелі түрде ұйымдастырып, тұрақты жасап келеміз. Рамазан айында аз қамтылған отбасыларды қолдаудың маңызы ерекше. Сондықтан бұл іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» деп атап өтті, «Шемонайха аудандық мешітінің бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы.
Көмекке ие болған отбасылар аудан мешітіне алғыс айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі