ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылына орай Өскемен аймағы өкілдігінің жоспарлы іс-шаралар аясында ШҚО Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі спорт кешенінде мешіт жамағаттары арасында өңірлік футбол сайысы өтті.
Сайысты Ұлан аудандық "Мұса баба" мешіті ұйымдастырды. Бұл сайыс туралы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлау: «Бұқаралық спортты дамыту, жамағаттардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытындағы осы жарысты өткізіп отырмыз. Сонымен қатар осындай сайыстар жамағаттың бірлігін арттыра түседі. Ойын өте қызықты болды» деп атап өтті. Бұл бәсекеге 20 команда қатысты.
Тартысты ойын көрсеткен "Халифа Алтай" мешіті командасы 1 орынға "Қабанбай" командасы 2 орынға қалалық "Защита" мешіт жамағатынан жасақталған "Аманат" командасы 3 орынға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
Шараны жамағаттар келіп тамашалап, командалардың шебер ойындарына тәнті болды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі