wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Оспан батыр» мешітінде оқушыларға арналған жазғы каникулдегі «Имани жаз» атты оқу курсы өз жұмысын бастады.

Бұл оқу курсында балаларға мешіт ұстаздары дәріс беріп, шәкірттерге Құран әліппесі, имандылық, адамгершілік құндылықтары қатарлы діни білім берілуде. Оқуға қатысушыларға оқу құралдар таратылып берілді. Оларға арасында спортпен шұғылдануға да мүмкіндік беріліп отыр.

«Имани жаз» курсы жайлы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Оспан батыр» мешітінің бас имамы досжан Үмбет: «Шәкірттер алғашқы күннен бастап оқуға аса ынталы, белсенді қатысуда. Ата-аналары олардың жақсы білім алуына мүмкіндік тудырып, сенім артып отыр. Шәкірттерге мешіт тарапынан барлық жағдай жасалған» деп атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

  «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk