wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша әйел-қыздарға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұйымдастырған «Имани жаз» атты 1 айлық оқыту курсы аяқталды. Білім беру шарасы ҚМДБ-ның білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізінде жүзеге асты. Оқуға қатысқан шәкірттер Құран әліппесінен дәріс алды.

Шәкірттерге сертификат тапсыру шарасы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Салтанатты шарада ҚМДБ Өскемен аймағы әйел-қыздар секторының жетекшісі Айдана Төлеген: «Жазғы оқыту курс өз жұмысын аяқтап жатыр. Осы уақытта оқуға қатысқан қыздарға Құран ләппесінен және ақидадан білім бердік. Оқуға олар аса белсенді қатысты» дей келе, бұл игі істің маңызы жайлы және исламдағы әйел мәртебесі, білім алу туралы тағылым айтты.

Сонымен қатар сектор жетекшісі курсқа қатысып, білім алған барлық әйел-қыздарға, шәкірттерге сертификат табыс етті. Оқуға қамтылған шәкірттер оқу барысында өздеріне ас-сумен, ғаламтормен, кітапханамен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, барынша жағдай жасалғандығын айтып, өкілдікке және барлық ұстаздарға, мешіт ұжымына ақжарма алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk