wrapper

Мамыражай маусым айының осынау бір ғажайып сәтінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш Өтепов ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордасы тағы бір мешітпен толықты.

«Байшы» мешітінің ашылу салтанатына, ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы және өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер, аудан басшылығы қатысты.

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Бүгін ежелден жері берекелі, елі мерекелі Ұлан ауданы Баяш Өтепов ауылында көрікті жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл игі іс халық үшін, ел-жұрт үшін үлкен мәртебе. Бұдан былай ауыл халқы өз мешіттерінде намаз өтеп, жұма оқып, дәріс алып, имандылық жолында тәлім алады. Бұл осы халықтың тілеуінің арқасы. Мен сіздерге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп отырмын» дей келе, жиналған халықты құттықтады.

Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Баяш Өтепов ауылында ашылған «Байшы» мешіті толықтай құрал-жабдықтармен жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Салтанатты шара барысында ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk