wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешітінде жиын өтті. Жиналысқа аудан көлеміндегі ауылдық мешіттердің имамдары аудандық мешіттің қызметкерлері қатысты.

Жиында ауыл имамдарына ҚМДБ-ның тапсырмаларымен облыстық өкілдіктің тапсырмаларыен іс-шаралар жоспары таныстырылды. Сонымен қатар ҚМДБ-дан берілген тапсырмаларды орындау, онлайн насихат шарасын жүйелі жүргізу, қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыру қатарлы келелі мәселелер талқыланды.

ШҚО Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Нұрболат Әметұлы: «Аудан бойынша мешіттердің ахуалы жақсы. Жаз айында бірқатар мешіттерге жөндеу жұмыстары жасалады. Алдағы уақытта мешіттерде жүйелі жұмыстар ұйымдастыру міндеті тұр. Ең бастысы діни уағыз-насихат шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып, халықтың сауалдарына жауап беру маңызды» деп атап өтті.

Ол сонымен қатар дін қызметкерлеріне өз қызметтеріне аса жауапты қарап, жамағатқа тұрақты түрде уағыз айтуды ұйымдастыру, діни қысқа курстар іске асыру шарасына мұқият болуды тапсырды. Жиында бас имам алдағы уақытта өтетін дін қызметкерлерін аттестациялау шарасына даярлануды тапсырды. Жиында ауыл имамдарынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Басқосуда имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk