wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында «Ұлағатты тәрбие-отбасынан басталады» тақырыбында келелі кеңес болып өтті. Іс-шараны «Шемониха аудандық мешіті» және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ұйымдастырды.

Шарада «Шемоннаиха аудандық мешітінің» бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен ұстаздар, мешіт жамағаттары, діни бірлестік жетекшілері қатысты.

Жиында отбасы тәрбиесінің ислам құндылықтарымен сабақтастығы талқыланды. Өз бяндамасында бас имам И.Еркінбайұлы: «Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ер кісі отбасының бақташысы, Сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген. Ал, әйел заты – әуелі күйеуіне бойұсынуы тиіс, содан кейін өз намысын, бала-шағасының, сондай-ақ үйі мен мал-мүлкін қорғап отыруға міндетті» дей келе қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесіне тоқталып өтті.

Алқалы басқосуда салауатты баяндамалар оқылды. Қатысушылар отбасы тәрбиесі туралы өз ойларын білдірді.

Жиынға соңында «Шемонаиха аудандық мешітінің» Бас имамы Иврахим Еркінбай шараны түйіндеп сөз сөйлеп, қатысушаларға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk