wrapper

ҚМДБ ШҚО өкілдігімен «Уақып» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының ШҚО өкілдігінің ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Тәуке ауылдық мешітінің» имамына қызметтік үй берілді.

Ізгілік шарасына «Уақып» қорының ШҚО өкілі Б.Кәдіров, ШҚО Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов және кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

Баспана табыс ету салтанатында ШҚО бойынша «Уақып» қорының өкілі Берік Кәдірұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ел үлесі-пәтерге акциясын жариялаған болатын. Осы акцияның нәтижесінде еліміз көлемінде қысқа мерзім ішінде жүздеген отбасылар баспаналы болып жатыр. Біз баспанаға мұқтаж осы дін қызметкерін әдейі таңдап, Алла разылығы үшін қайырымдылық шарасына қамтып отырмыз» деп атап өтіп, қайырымдылық жасаудың маңызына тоқталды.

Жиналған халықтың алдында «Тәуке» мешітінің бас имамына еңселі үй табыс етілді. Баспанаға ие болған отбасы өкілікке, «Уақып» қорына рахметін айтып, шашу шашты. «Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk