wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық кәімдігіен және аудан мешітінің ұйымдастыруымен футбол сайысы болып өтті. Жарысқа Зайсан қаласының және ауылдардың жамағаттары бірнеше команда болып қатысты. Сайыс «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылына арналды.

Бұл сайыс туралы «Зайсан аудандық мешітінің» бас имамы Нұрболат Жарасов: «Бұқаралық спортты дамыту, жамағаттардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытындағы осы жарысты өткізіп отырмыз. Сонымен қатар осындай сайыстар жамағаттың бірлігін арттыра түседі. Ойын өте қызықты болды» деп атап өтті.

Жарысқа бірнеше командалар қатысып, өзара ойын өрнегін көрсетті. Шараны жамағаттар келіп тамашалап, командалардың шебер ойындарына тәнті болды. Қарсыластарынан озып шыққан командалар сыйлықтармен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk