wrapper

ҚМДБ ШҚО өкілдігі облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдікке қарасты аудан, ауыл имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында 10 күндік оқу курсын бастады. Курсқа 40-тан имам қатысып, Құран, Шариғат ілімдері, ҚМДБ құжаттары бойынша білім алып жатыр.

Оқу курсы туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Имамдардың діни біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің бірі. Курсқа қамтылғандарға біліктілігі жоғары ұстаздар шариғат негіздерінен Құраннан, ақидадан дәріс береді. Сонымен қатар пәтуадан, салттық рәсімдерден де соңғы шыққан кітаптарды таныстырғалы отырмыз» деп атап өтті.

Олар жатар орынмен және күніне 4 мезгіл ас-сумен толық қаматамасыз етілумен қатар қажетті оқу құралдары беріліп, кітапхана, оқу сыныптармен жатақханаға дейін ғаламтор жүйесіне қосылып барлық мүмкіндік қарастырылғандығын жеткізді.

Білім алушыларды мешіт тарапынан демалыс уақыттарында Өскемен қаласындағы мұражай, кітапханаларымен және қаладағы мешіттерімен таныстыру шарасы да қарастырылған.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk