wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы «Д.Қонаев» мешіті түрлі қайырымдылық шарасын ерекше форматта жасап келеді.

Осы мешіттен діни сауаттын ашып, Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне оқуға қабылданған шәкіртке жомарт жандардың атсалысуымен 200 мың теңге көлемінде қаражат табыс етілді.

Бұл туралы: «Білімге талпынып, діни жоғары оқу орына түсіп, үмітімізді ақтаған шәкіртімізге қалалық мешіт атынан қаржылай қолдау жасап отырмыз. Келешекте де қолымыздан келгенше көмегімізді аямаймыз» деп атап өтті, «Д.Қонаев» мешітінің бас имамы Айболат Сейт.

Бас имам дұға жасап шәкіртке аман есен оқу бітіріп, дінге қызмет етуді тіледі. Шәкірт осындай нақты көмегі үшін «Д.Қонаев» мешітіне ақжарма алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk