Астанада өткен діндері сьезі қарсаңында Өскемен қаласында ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігімен Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестік жетекшілеріне арналған басқосу болып өтті.
Алқалы шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин бастаған имамдармен қатар облыстық Дін істері бөлімінің мамандары және басқа да діни бірлестіктердің жетекшілері, дінтанушылар қатысты.
Жиында қоғамдағы рухани келісімнің тұрақтылыққа ықпалы жайлы өзекті ойлар қозғады.
Дәулет Қабидолдин сөйлеген сөзінде: «Ұлы Абай атамыз Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ізгі өсиеті бәріміздің жадымызда. Еліміз әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбіт қарым-қатынасының алтын көпірі бола алды. Рухани келісім және ұлтаралық және дінаралық татулық еліміздің жүргізіп отырған саясатытытң жемісі. Асыл дініміз Исламда дін өкілдері бір-біріне құрметпен қаруа керек деген қағида бар. Ислам халықтар арасындағы татулықты, өзара түсіністікті қалайтын дін» деп айырықша атап өтіп, бүгінгі шараның маңыздылығы жайлы сөз қозғады.
Шарада басқада діни бірлестіктер жетекшілері сөз сөйлеп, елімізде салтанат құрған ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулықтың Қазақ еліндегі тыныштықтың басты кепілі деп бағалады.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі