wrapper

Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы Арман Томантаев Өскемен қаласында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімінде болды. Ол кездесуде сарбаздарға әскери қызметте суицидтің алдын алу тақырыбында ғибратты насихат айтты.

А.Томантаев сарбаздарға өмірдің өзі адамға Алладан сыйға берілген абыройлы парыз екендігін жеткізе отырып, асыл дініміз исламда айтылған өмірше құштарлық, өз өзіне қол салудың күнәсі хақындағы хадистерден мысалдар келтірді.

Наиб имам өз сөзінде: «Исламда өз-өзіне қол салу – үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгіліке тасталады» деген. Сондықтан, қандай қиын жағдайда да өзіне қол жұмсаудансақтану керек. Алла қасиетті Құран Кәрімде: «Өздеріңді өздерің өлімге қимаңдар» («Ниса» сүресі, 29-аят),– деген, яғни, өздеріңе қол салмаңдар»,– дей келе, өз өзіне қол салудың мұсылманға және ада баласына жат қылық екендігі жайлы айтып өтті.

Жиында ол қойылған сауалдарға жауап беріп, суицидтің жолын кесу туралы айтып өтті. Әскери бөлім басшылығы наиб имамға ризашылық білдіріп, насихаттық шараларды бірлесе атқара беретіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk