wrapper

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай ҚМДБ ШҚО өкілдігі «Мәуліт-мейірім айы» атты айлығын жариялаған еді.

Осы айлық аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Жанұзақ ауылдық мешіті» «Екі дүние сардары» атты Мәуліт кешін ұйымдастырды.

Шара барысында Мәуліт оқылып, иллаһи жыр асқақтады. Ұлан ауданының бас имамы Зауатбек Сайлауұлы халықты Мәуліт кешімен құттықтады. Бас имам: «Мәуліт мерекесін Жанұзақ мешіті жоғарғы деңгейде өткізіп жатыр. Бұл мереке бірліктің мерекесі. Ауыл тұрғындарынң жұмыла кірісіп жатқандығы қуантады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) өз өсиеттерінде бірлікті насихаттаған» деп атап өтті.

Рухани кеште сонымен қатар асқақ ән әуелеп, діни өлеңдер оқылды.

«Жанұзақ» ауылдық мешітінің бас имамы Нұрлан Қарсыласқанұлы жиналған қауымға алыс білдіріп, мерекенің тағылымдық деңгейде өткендігін атап өтті. Ауыл тұрғындары дерліктей ат салысқан мерейлі кеш салтанатты жағдайда өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі


Image Gallery

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk