wrapper

ҚМДБ-дан халықтың денсаулығын сақтау, халықты халал өнімдермен қамтамасыз ету бағытында әр өңірде Халал өнімдерді насихаттау, халалдың маңыздылығын түсіндіру шаруаларын нәтижелі жүргізуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты ҚМДБ «Халал даму» өкілі Айжан Омарова Шығыс өңіріне іс сапармен келді. А.Омарова сапар барысында Өскемен қаласындағы халал сертификатына ие болған кәсіпорын басшыларымен және аудан, қала мешіттеріндегі халалға жауапты мамандармен бірлескен кеңес өткізді.

Басқосуда ҚМДБ «Халал даму»мааны А.Омарова: «Халал сертификаты бар, таза, денсаулыққа пайдалы азық-түлік тұтыну насихатталып жатыр. Біз бұл бағыттағы үгіт шараларын кәсіпорындар арасына үнемі насихаттауымыз керек. Халалдың маңызы туралы халықты ақпараттандыру күн тәртібіндегі мәселе» деп ерекше атап өтті.

А.Омарова сонымен қатар кәсіпорын басшыларының қойған сауалдарына жауап берді. «Халал даму» өкілі кәсіп иелеріне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk