Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев Алтай қаласындағы жас спортшылармен кездесу өткізді.
Кездесуде бас имам М.Көкебаев: «Денсаулық-басты байлық. Спорт денсаулықтың серігі. Сіздер ауданымыздың, облысымыздың, еліміздің намысын байрақты додаларда қорғап жүрсіздер. Халқымыз сіздерге ерекше құрметпен қарайды. Жастардың осындай өнегелі істері басқаларға үлгі. Дінімізде ел салауатты өір салтын ұстануға маңыз беріп, адам өз саулығын қорғап, шынығу керек деп ерекше атап өткен»
дей келе, денсаулық жайлы тұщымды насихат айтты.
Сонымен қатар жиын барысында жас спортшыларға бәсекелерде табыс тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі