wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің ұйымдастырумен ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне Мәуліт айына арналған рухани кеш болып өтті.

Мәуліт мерекесіне жиналған халық Алтай қалалық мәдениет сарайына лық толды.

Рухани шараны ашып сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Наиб имам: «Асыға күткен мәуліт айымен жүздесіп отырмыз. Бұл айда мұсылман үмбеті Алла Елшісіне (с.ғ.с) сан мың салауат, мадақ айтып, шүкірлік етіп, ғибратты істер жасап, сауапқа бөленеді. Мерекеге атсалысқан жамағаттарға, жиналған қауымға алғыс айтамын» деп атап өтті.

Тағылым кеші Алла Елшісіне (с.ғ.с) салауатпен басталып, Құран бағышталып, мәуліт оқылды. Сонымен қатар пайғамбарымыздың өмірінен өнегелі насихат айтылды. Мерекеге облысқа танымал дәстүрлі әншілер қатысып, рухани әндерден шашу шашып, мерекені тамашалауға келген көпшілікті жырға бөледі.

Жиналған жұрт сағына күткен Мәуліт мерекесін рухани тағылымға толы шара деңгейінде ұйымдастырған аудандық «Ақтан» мешітіне алғыстарын айтып, тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk