wrapper

ҚМДБ ШҚО бас иамы Ермек Қасболатұлы Ұлан ауданы Мамай батыр ауылына барды. Ауылдық мешітте ауыл жамағатымен, ақсақлдармен кездесу өткізді.

«Ұлттық құндылықтар және Ислам тағылымы» атты тақырыпта өткен келелі басқосуда бас имам ынтымақ бірлік және имандылық қағидаттарына баса тоқталды.

Бас имам: «ҚМДБ биылғы жылды Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылы деп жариялаған еді. Халқымызда ел іші-алтын бесік деген қастерлі сөз бар. Қазіргі уақытта ел ішіне шығып, халықпен кездесіп, насихат жұмыстарын жүргізу маңызды. Қазіргі уақытта ел ішін аралап, жамағаттың сауалдарына жауап беріп, қордаланып қалған мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз.» дей келе, ынтымақ, бірлік туралы тұщымды насихат айттты.

Кездесуде сонымен қатар бас имам ұлттық салт-дәстүрды Исламмен ұштастыра баяндай отырып, ұлы бабаларымыздың ұлағатында ұлылық бар екендігін жеткізіп, дәстүрлі тәрбие-жарқын болашақтың кепілі дегенге тоқталды.

Басқосуда өкілдіктен атқарылып жатқан шаралар таныстырылып, діни сауаттылықтың маңыздылы сөз болды. Кездесуде сөз алғандар жастар тәрбиесі туралы құнды ойларын ортаға салып, келешек ұрпақты ұлттық тәрбиемен дәстүрлі ислам тағылымдарымен тәрбиелеудің озықтығы жайлы пікірлерін білдірді.

Сапар барысында бас имам ауылдық мешіттің ахуалымен танысып, ауыл имамдарының кәсіби біліктіліктілігін көтеру мәселесін талқылады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk