wrapper

ҚМДБ-ның бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында Қызға қырық үйден тыйым салатын «Әжелер мектебін» жаңғырту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінде» өңірлік семинар, дөңгелек үстел өтті.

Шараны аудандық мешіттің әйел қыздар бөлімі ұйымдастырды. Алқалы жиынға мешіт шәкірттерімен ұстаздары және аудандық әжелер ұйымы мүшелері қатысты.

Шараны ұйымдастырушы аудандық мешіттің әйел ұстазы: «Орамал сан ғасырдан бері бабаларымыздан бері жалғасқан қазақ әйелінің абыройының белгісі ретінде сақталып келген. Бұрынғы өткен әжелерімізбен қазақтың даңқты арулары орамал, сәукеле, бөркін тастамай қазақ қызының, қазақ әйелінің парасатты бейнесін көрсеткен. Біз аудандық мешіт тарапынан осы шараны ұйымдастырып, орамалды насихаттаудамыз» деп атап өтіп, шараның маңызы жайлы баяндады.

Шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk