wrapper

ҚМДБ-дан халықтың денсаулығын сақтау бағытында әр өңірде Халал өнімдерге сертификат беруді тапсырған болатын.

Осыған байланысты ШҚО да кәсіпкерлерге «Халал» сертификатын алудың маңыздылығы барынша насихатталуда.

Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Шығыста «Халал»мәртебесіне ие болған кәсіпорындар саны өсе түсуде.

Шығыстағы Халал қатары «Достық май» деп аталатын өніммен толықты. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Достық жолы» ЖШС иесіне «Халал даму» өнімдерінің сертификаты табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халал даму» өкілі Досжан Үмбет: «Бүгін Халал өнімдер қатарына «Достық май»өнімі өтті. Халал өнімдерді тұтыну адамның денсаулығына да аса маңызды екендігі даусыз. Алдағы уақытта Халал қатарына өтетін кәсіпорындар бар» деп атап өтті, ол сертификатты тапсыру барысында.

Ол сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk