wrapper

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин Өскемен қалалық «Защита» мешітінде жамағатпен кездесу жасады.

Ол кездесу барысында жамағаттың діни сауалдарына жауап беріп, кері ағымдарға қарсы ҚМДБ-дан және өкілдіктен атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады.

Д.Қабидолодин: «Біз жат ағымдарға қарсы тұру бағытындағы насихат шаралары арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кері ағымдардың зиянын халыққа насихаттаумен қатар жат сақтану, діни сауаттылықты жетілдіру туралы үнемі шаралар жасалуда. Халыққа дұрыс діни түсінік қалыптастыру маңызды» деп атап өтті, наиб имам өз сөзінде.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk