ҚМДБ ШҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аудан, ауыл имамдарына жат ағымдардың алдын алу мәселесіне байланысты семинар өтті.
Іс-шараға аудандардың наиб имамдары қатысып, жат ағымдарға қарсы күрес мәселесі талқыланды. Сонымен қатар оларға жат ағымдармен күресу жайлы әдістемелік кеңес берілді.
Бұл туралы ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Ермек Қасблатұлы: «Жат ағымдардың алдын алу, онымен күресте имамдардың белсенділігін артыру, бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің біріне айналып отыр. Біз әркез жат ағымдарға қарсы бағытталған шараларды басты бағыт ретінде жүргізіп келеміз. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отыр» деп атап өтті.
Семинарда Ермек Қасболатұлы имамдарға арнайы дәріс оқыды. Ол жат ағымдармен күрестің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады.
Жиында имамдарға кері ағымдармен күрес тәсілдері топтастырылған кітап таратылды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі