wrapper

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің бөлімі өз жұмысын жоспар аясында іске асырып жатыр.

Осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы ШҚО бойынша өкілі Ақзанбек Маушиан ШҚО Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде болып, ауыл имамдарына «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының іс-қызметі жайлы кең көлемде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесуде «Qamqor-Sharapat» өкілі: «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық болдырмау, халыққа ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында ҚМДБ жанынан салттық қызмет көрсету орталығы іске қосылып жатыр. Мақсатымыз діни рәсімдерді және салттық шараларды оңтайландырып, ысыраптан аулақ болып, заманға сай әдеп қалыптастыру және осы бағытта халыққа сапалы қызмет көрсету» дей келе, өңірде осы бағытта жасалып жатқан шаруалар жайлы айтып өтті.

А.Маушиан сонымен қатар ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжатына сай жерлеу, ас беру, басқа да діни рәсімдерді өткізу жолдарын түсіндірді.

Кездесуде шараға қатысқан имамдардың сауалдарына жауап берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk