wrapper

ҚМДБ дан жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде белгілі Алаш қайраткері Райымжан Мәрсековтың өмір жолын таныстыру шарасы өтті. Жиынға тарихшылар шақырылып, дін қызметкерлері қатысты.

Шарада сөз алған ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Қазақ халқының рухани жақтан толысуында Алаш зиялыларының орны ерекше. Олар қоғамның қай саласында жүрсе де, халықтың ұлттық өнері мен мәдениетін дамытуды назардан тыс қалдырмады. Солардың бірі Р.Мәрсеков еді. Ол Алаш арыстарымен тізе қосып, қазақ халқы үшін көптеген игі істерге бастамашы болған еді» дей келе, шараны өткізу маңыздылығына тоқталды.

Жиында тарихшы Зейнулла Марсекеев ақсақал тарихтан сыр шертіп, Райымжан Марсеков туралы тың деректермен бөлісті.

Ол: «Алаш қайраткері Р.Мәрсеков қазақтан шыққан білікті заңгерлердің бірі еді. Әлеуметтік жағдай, заманның талабына сай Райымжанға тек қана заңгерлікпен ғана емес ол қолына қалам алып, қазақ халқының рухани кұндылыктары, әлеуметтік әл-ауқаты туралы мақалалар жазды.

Райымжан әйел теңдігін көтерді. Ол лауазымды қызметтерде жүріп, қазақ қоғамында жаңаша сот қағидасын қалыптастыру, соттар ұйымдастыру, Алаш әскерін жасақтау, жер дауын шешу, елді азық-түлікпен қамту, қазақ жастарын оқыту ісін жүйелі жолға қою сияқты ұлттың көкейтесті мәселелеріне көңіл бөліп, соған пайдасы, себі тиетін қадамдар жасап отырған» деді.

Шара тағылымға тың деректерге толы болды.  

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk