wrapper

ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болып, «Дінтану және философия» факультетінде білім алып жатқан жастармен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді.

Шараға студенттермен оқытушылар қатысты. Басқосуда бас имам Ермек Қасболатұлы ұлтымыздың сан ғасырларлан бері сақталып келе жатқан дәстүрлі тәрбиелік құныдылықтарынан тәлім-тәрбиелік маңызы зор тағылымды насихат айтты.

Бас имам: «Дін – әдет-ғұрыппен ұштасып ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, дін мен дәстүр үндестігі заңдылыққа айналған. Жастардың рухани емес, материалдық құндылықтарға бет бұруы, түрлі топтардың жетегінде кетуі, отбасында, қарым-қатынас ортасында рухани бірліктің болмауы күнделікті көрініске айналып бара жатыр. Білім беру саласында тәуелсіздік алғаннан кейін қарқын алған мәселелердің бірі-дінтану мамандарын даярлау аса маңызды. Қоғамдық сұраныстар мен мемлекеттік талаптарға сай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Дінтану-философия» мамандарын даярлауды жүзеге асырып отырған бұл бағыттағы үлкен игілікті іс» --деп, атап өтіп, биылғы «Ислам және ізгі қоғам» жылында жастарды қолдау бағытында атқарылатын шараларға тоқталып өтті.

Студенттер бас имамның тағылымды насихатын ден қоя тыңдады. Арасында өздері сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды.

Кездесу соңында «Халифа Алтай» атындағы облыстық мешітінің дін қызметкері Ербол Саргелов студенттерге арнап Майлықожа ақынның «Жақсы бір адам қартайса» деп аталатын термесін орындап берді.

Кездесуді ұйымдастырушы университет басшылығы тәлімдік жүздесу үшін бас имамға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk